Еліміздегі жағдайға байланысты ата-аналар мен балалар 24 сағатын бірге өткізіп жатыр. Бұрын семинарларымда «баламен сапалы уақыт өткізу керек» дегенде «уақыт жоқ» деп шағымданатын ата-аналар үшін таптырмас мүмкіндік.
Сонымен, ата-аналар мен балалар не істеп жатыр, не ойнап жүр?
Кейбір ата-аналар «құлағым тыныш болсын» деп балаға телефон, теледидар немесе компьютерді беріп құтылуда, яғни бала күні бойы «няня технологияның» «тәрбиесінде».
Ал, кейбір ата-аналар «баламның іші пыспасын, жалықпасын» деп инстаграмды ақтарып, әртүрлі ойындар мен тапсырмалар іздеп әлек.
Әрине, уақытының бір бөлігін, ал жүйке жүйесінің басым бөлігін баласының онлайн сабағына жұмсап жатқан ата-аналарды да ұмытпауымыз керек.
Негізі, менің айтқым келгені басқа нәрсе. Мәселеге басқа қырынан қарап, балаларымызға пайдалы ұсыныс жасамақпын.
Егер сіз балаңыздың бүкіл уақытын толтырып, оның іші пысуына, жалығуна және жалғызсырауына мүмкіндік бермей, жан-жақтан ұсыныс жаудырып жатсаңыз немесе «няня технологиямен» мәселеңізді шешуге тырысып жүрсеңіз, онда ТОҚТАҢЫЗ!!! СТОП! STOP!!!
Себебі, өз-өзімен ойнап, керемет ойындар ойлап таба алуы үшін жалғыздық сезініп, іші пысыуы керек. Сәл іші пысса, оған ойын тауып беруге тырысу оның қиялының дамуына кедергі келтіреді. «Алма піс, аузыма түс» деп жататын ұрпақ өсіп шығады.
Сондықтан да, ата-аналарға айтарым, ортақ іс-шараның ұсынысын кезекпен жасаңыздар. Сіз бір ойын ұсынған болсаңыз, келесіде балаңыз сізге ұсынсын немесе өзі жалғыз ойнасын (Егер өзі жалғыз ойнап жатса, араласпаңыз).
Баланың зеріксін, іші пыссын, ойлансын, жаңа нәрсе ойлап тапсын;
Шешімді, қызық уақыт өткізуді басқалардан ғана күте бермей, өзі тауып үйренсін!
Сөзім мен ойымды жинақтай келе айтарым, ата-аналар баланың тәрбиесінде бір жақты ғана ойламай, жан-жақты ойлауды үйренгені жөн.
Елжас Ертайұлы
otbasy.onlne